10 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы  №181

697 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 27 маусым №181 Астана қаласы Көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 11) тармақшасына және «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Респуб­ликасының Заңының 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес көтер­мелеудің салалық көтермелеу жүйесі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Персоналды басқару қызметі: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтіз­белік он күн ішінде төлнұсқасына «Әділет» ақпарат­тық-құқық­тық жүйесінде ресми жариялау үшін және осы бұйрық­қа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаң­басымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақстан Респуб­ликасы нормативтік құқықтық актілерінің эталон­дық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасының Норматив­тік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін оның төлнұсқасына толық сәйкес келетін графи­калық форматтағы көшірмелерін «Қазақстан Респуб­ликасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 3) ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындал­ғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.МҰХАМЕДИҰЛЫ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы №181 бұйрығына 1-қосымша Көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер 1. Осы көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі- Нұсқаулық) саланы дамытуға қосқан үлесі үшін мәдениет, әдебиет және өнер, дене шынықтыру және спорт саласының қызметкерлерін көтермелеу рәсімін реттейді. 2. Көтермелеу саланы дамытуға қосқан үлесі үшін қызметкерлердің еңбегін моралдық ынталандырудағы нысаны болып табылады. 3. Мәдениет, әдебиет және өнер, дене шынықтыру және спорт саласының қызметкерлерін көтермелеу мақсатында көтермелеудің келесі түрлері белгіленеді: 1) осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрмет грамотасы; 2) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алғыс хат. 2. Көтермелеудің салалық жүйесі 4. Мәдениет, әдебиет және өнер, дене шынықтыру және спорт саласының қызметкерлерін, соның ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік) және оның ведомстволарының, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) құрмет грамотасымен және алғыс хатымен көтермелеуге үміткер тұлғалар болып табылады. 5. Қызметкерлерді көтермелеу мемлекеттік және ұлттық мерекелерге, кәсіби мерекелерге: «Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні», «Спорт күні» мерекелеуге орай жүзеге асырылады. Мәдениет, әдебиет және өнер, дене шынықтыру және спорт саласындағы үлесі, қызметі, жетістіктері немесе табыстары үшін бір тұлға екінші рет қайта ұсынылмайды. 6. Министрліктің Персоналды басқару қызметіне министрліктің құрылымдық бөлімшесінің, оның ведомстволарының, ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолы қойылған ұсыным ұсынылады. Ұсынымда қызметкер туралы келесі мәліметтер (аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда), білімі, тиісті саладағы жұмыс өтілі, жеткен жетістіктерінің нәтижесін көрсетілулері қажет, қызметкердің нақты қызметін, жетістіктерін және табыстарын көрсететін көрсеткіштер сипатталады. 7. Қызметкерлерді көтермелеу үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің (бұдан әрі-Министр) бұйрығымен комиссия құрылады. Комиссия мүшелерінің құрамы тақ саннан құрылады. Комиссия құрамы комиссия төрағасын есептемегенде Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрлерінен, жауапты хатшыдан, ведомстволардың басшыларынан немесе орынбасарларынан, тиісті салаға жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің немесе олардың міндеттерін атқарушы тұлғалардан тағайындалады. Комиссия төрағасы болып Министр тағайындалады. Хатшы Министрліктің Персоналды басқару қызметі қызметкерлерінің ішінен анықталады. 8. Комиссия қызметкерлердің мінездемесінде осы Нұсқаулықтың 12 және 13 тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестіктерін қарастырады. 9. Комиссияның жұмысы қажеттілігіне қарай өткізілетін отырыс өткізу жолымен жүзеге асырылады. Комиссия отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан кезде заңды болады. Комиссия мүшелері оның жұмысында алмастыру құқығысыз қатысады. 10. Комиссия шешімдері осы отырысқа қатысқан жалпы комиссия мүшелерінің дауысының көпшілігімен қабылданады. Талқыланып отырған мәселе бойынша дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып саналады. Комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің, төрағасының және хатшысының қол қойылған хаттамасымен рәсімделеді. 11. Құрмет грамотасымен және алғыс хатпен марапаттау, комиссия хаттамасының негізінде министрліктің жауапты хатшысының бұйрығымен жүзеге асырылады. 12. Құрмет грамотасымен келесі қызметкерлер марапатталады: 1) әрбір жеке саладағы (мәдениет, әдебиет және өнер, дене шынықтыру және спорт) еңбек өтілі үш жылдан аса; 2) саладағы (мәдениет, әдебиет және өнер, дене шынықтыру және спорт) қызметі, жетістіктері немесе табыстары үшін. 13. Алғыс хатпен келесі қызметкерлер марапатталады: 1) іс-шараларды өткізген жетістіктері (конкурстар, олимпиадалар, байқаулар, көрмелер); 2) мәдениет, әдебиет және өнер, дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға қосқан үлесі үшін. 14. Құрмет грамотасы мен алғыс хатқа Министрдің қолы қойылады. 15. Құрмет грамотасымен және алғыс хатпен марапаттау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрімен немесе оның міндетін атқарушы тұлғамен салтанатты түрде жүзеге асырылады. 16. Министрліктің Персоналды басқару қызметі қызметкердің еңбек кітапшасына және жеке іс-қағазына марапаттау туралы бұйрықтың шыққан күні мен нөмірін көрсете отырып тиісті жазба енгізеді. Көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі Нұсқаулығына № 1-қосымша нысан ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ ___________________________________________________________ саласының дамуына қосқан үлесі үшін (мәдениет, әдебиет және өнер, дене шынықтыру және спорт) ________________________________________________________________________________ марапатталады. (қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі ___________________________ _______ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы) «___» __________20 ____ жыл Көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі Нұсқаулығына № 2-қосымша нысан ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ АЛҒЫС ХАТ __________________________________________________________саласының дамуына қосқан үлесі үшін (мәдениет, әдебиет және өнер, дене шынықтыру және спорт) ____________________________________________________________________алғыс хатпен марапатталады. (қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі ___________________________ _______ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы) «___» __________20 ____ жыл Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы №181 бұйрығына № 2-қосымша Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің күші жойылды деп тануға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің «Көтермелеудің салалық жүйесі туралы» 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 111 бұйрығы (Қазақстан Респуб­­­­ликасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекет­тік тіркеу тізілімінде № 4651 тіркелген, Қазақстан Респуб­ликасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жыл, наурыз-сәуір). 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің «Көтермелеудің салалық жүйесі туралы» 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7617 тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2012 жылғы 19 мамырдағы № 247-252 (27326)). 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің «Көтермелеудің салалық жүйесі туралы» 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 229 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8858 тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2013 жылғы 28 қарашадағы № 325(27599)). Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 26 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13986 болып енгізілді.